қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2024

Жастар ісі жөніндегі бөлім мен «Шаңырақ» студенттік деканаты Студенттер күнін атап өтті

 

2024 жылдың 17 қарашасында Жастар ісі жөніндегі бөлім мен «Шаңырақ» студенттік өзін-өзі басқару деканатының ұйымдастыруымен Студенттер күніне орай «Көшбасшы» қалалық жоғары оқу орындары аралық форум өтті. Студенттерге арналған бұл мереке әр жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Форум жастардың еңбегі мен олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған. Сондай-ақ студенттер арасындағы бірлікті, достықты нығайтып, жастардың әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосуды көздейді.


Іс-шара барысында студенттер үшін қызықты әрі мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Мерекелік күннің аясында ән-күй, би, театрлық қойылым қойылды. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, бір-бірімен танысып, достарымен уақыт өткізді. Қатысушылар арасында белсенділік танытқандарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.


Шара студенттердің шығармашылық әлеуетін және мәдени белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттердің білім алу жолындағы еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы орны мен рөлін көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Мереке жастарға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың болашақтағы жетістіктеріне де үлкен мотивация береді деген ойдамыз.

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім




Кері оралу