Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.05.2020
«Екінші дүниежүзілік соғыс және қазіргі кезең: қортындылары, сабақтары, маңызы» вебинары өтті
2020 жылдың 6 мамырында Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы «Екінші дүниежүзілік соғыс және қазіргі кезең: қортындылары, сабақтары, маңызы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарда Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов аталған шараның маңыздылығына көңіл аудара келе, институттың майданға қатысқан ардагер- ұстаздары туралы тағлымды естеліктерімен ашты. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында өткен вебинарда Екінші дүниежүзілік соғыстың өзекті мәселелері, оған қоғамдағы бүгінгі көзқарастар жөнінде профессор С.В.Тимченко кеңінен тоқталса, Ұлы Отан соғысына қатысқан Тарих және құқық институты профессор-оқытушыларының ерлік істерін, азаматтық келбеттері мен ұстаздық болмыстары туралы профессор Х.А.Сутеева өзінің мұрағатындағы материалдар негізінде жүйелі түрде баяндап берді. Ұлы Отан соғысының беттері із-түзсіз кеткен еліміздің әрбір азаматы анықталғанша жалғаса бермек деп түйіндеген модератор, «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі Е.Н.Ермұқанов, бұл шараның жас ұрпақ үшін тағлымы мен сабағы мол екеніне назар аударта келе, аға ұрпақтың даңқты ерліктерін әрқашанда жадымыздан шығармай үлгі етуге шақырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|