қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.10.2020

Қазақ халқына тән діни дүниетаным


2020 жылдың 27 қазанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы және Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ халқына тән діни дүниетаным» тақырыбында студенттермен онлайн кездесу өтті. Танымдық шарада ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Шағырбай Алмасбек қазіргі таңдағы қазақ қоғамының діни ахуалын талдап, тұлғалардың діни түсінігін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығын, деструктивті ағымдардың қаупі мен онымен күрес жолдары туралы жан-жақты ақпарат беріп, студенттермен ой бөлісті. Сондай-ақ, қазақ дүниетанымыны, жастардың ұстанымдарымен құндылықтарын айқындауға, тұлғаның рухани қалыптасуына әсері зор екенін түсіндірді.

 

   




Кері оралу