Институт жаңалықтары мен оқиғалары
04.11.2020
«Ұлттың жаңа болмысы - ұлттық тарихта» тәрбиелік-танымдық іс-шарасы
2020 жылдың 4 қарашасында Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасында «Ұлттың жаңа болмысы - ұлттық тарихта» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Ұлттық идея, ұлттық идеология да тарих арқылы жасалады. Қай ғасыр болмасын қоғамның рухани тереңдігін сақтау әрі нығайту үшін жүргізілетін идеологиялық жұмыстардың салмағы тарихтың тәжірибесімен таразыланып отыруы тиіс. Тарихты білу, жүйелі түрде оқытып, үйрету арқылы ғана халықтың жан дүниесіне жақын, ұрпақтың танымы тілейтін құндылықтарды қоғамдық ортада насихаттау жүзеге асады деді Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі модератор, PhD доктор Д.Б. Асымова.
Д.Б. Асымова «Ұлттық тарих оқыту барысында ұлттық жады қалыптастыру», оқытушы Р.У. Сейтказиев «Құндылықтарды бойына жасырған рухани феномен», оқытушы Е.Т. Нұрмұхан «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой адамзаттығымыздың алдаспаны» тақырыптарында баяндама жасады.
Институттың 1-курс студенттері Б.Аминов, М.Амиржанов, А.Тұяқбаева, Е.Кадримбетов, О.Нуржауов баяндама жасады. Студенттер ұлттық болмысты қалыптастыру және сақтау мәселесі, ұлттық тарихты насихаттау ой тұжырымдарымен пікір алмасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|