қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
02.12.2020

«Қазақстандағы Президенттік басқару: өткені, бүгіні және болашағы» семинары

 

2020 жылдың 30 қарашасында Тарих және құқық институтында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысы жөніндегі жетекшісі Ж.К. Мадалиева ZOOM платформасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстандағы Президенттік басқару: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында танымдық-тәрбиелік семинар өткізді.


Іс-шарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

 

Семинарды кафедра меңгерушісі Ж.К.Симтиков ашып, Н.Ә.Назарбаевтың жарқын талантты тұлға, әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер, Қазақстанның көшбасшысы, оның белсенді қатысумен оның мемлекеттілігі қалыптасып, экономикасы реформаланғанын және ұлттық қауіпсіздік нығайтылғанын атап өтті.


Семинар барысында кафедра доценттері Т.Қ.Ауелғазина: «Тұңғыш президент: тұлга, тарих, тағылым», А.А.Қуанышова: «Историческая роль первого президента Республики Казакстан Н.А. Назарбаева в создании, становлении и развитии независимого государства», «Әлеуметтану» мамандығының 3- ші курс докторанты Қ.Е.Тауенов: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өркениеттер диалогын ілгерілетудегі рөлі», «Дінтану» мамандығының 1-ші курс магистранты С.Ерболғанова: «Көреген басшы, елді өсіреді...» баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара соңында «Дінтану» мамандығының 1 курс студенті Б.Даменұлы «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы» өлеңін оқыды. Танымдық - тәрбиелік семинар жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу