Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.12.2020
«Тәуелсіздік - аңсап жеткен мәңгілік ел арманы» тәрбие сағаты
2020 жылдың 10 желтоқсанында Тарих және құқық институтында «Құқықтану» мамандығы 302 топ студенттері мен «Заңгер» студенттік үйірмесі мүшелерімен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - аңсап жеткен мәңгілік ел арманы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Zoom платформасында өткен іс-шара мерекелік концертке ұласты.
Ашық тәрбие сағатын институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапбаев Нұрболат ашып, келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі.
Ашық тәрбие сағаты 3 бөлімнен рет-ретімен өтті. І бөлімі. «Тәуелсіздік - аңсап жеткен, мәңгілік ел арманы», ІІ бөлім.«Еліміздің Егемендік белгілері» деп аталды. Ол егемен еліміздің рәміздеріне кеңірек түсінік берумен А) Әнұраным бүгінгі, Баға жетпес асыл ән. Ә) Еркіндігім - Елтаңбам. Б) Қасиетті көк байрағы елімнің,-деп аталды. ІІІ бөлім.«Тәуелсіздік тартулары.Қазақстан - еркін елім, еңселім.» Медиапрезентациямен толғаулар мен әндер арқылы концерттік бағдарламаларға ұласты.
Ашық тәрбие сағатына «Заңгер» студенттік үйірме мүшелері, 302 топ студенттері РыскелдіНазерке, Ермекова Күнайым, Жексембі Балнұр, Бақытжанқызы Ақжан, Нұрбол Ақжайық, Қасымхан Сағи, Бірлесбек Меруерт, Махмұт Дильназ, Қасым Аружан, Жамбыл Мадияр, Озатханұлы Шыңғыстар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Ашық тәрбие сағатында «Заңгер» студенттік үйірмесінің жетекшісі Меирбекова Гүлжазира қорытынды сөз сөйлеп, студенттерге шығармашылық табыстар тілеп, институт атынан алғысын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|