Институт жаңалықтары мен оқиғалары
25.12.2020
«Қазіргі тарихи білім берудің мәселелері: тәжірибе, сапа, технологиялары және жобаларды іске асыру» тақырыбындағы гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысы
2020 жылдың 24 желтоқсанында Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасы «Қазіргі тарихи білім берудің мәселелері: тәжірибе, сапа, технологиялары және жобаларды іске асыру» тақырыбындағы гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысын ұйымдастырды.
Гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысы Түркия елінің 29 мамыр Стамбул университеті, «Ресейдің педагогтары: білім берудегі инновациялар» Бүкілресейлік форумы, Литва Республикасының Ұлы Витаутас университеті, Павлодар педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырыс барысында шет елдердің тәжірбиесінде тарих білімі мен ғылымының рөлі туралы баяндамалар жасалды. Тарихи мұраны зерттеудегі заңнамалық дереккөздердің рөлі мен маңызы атап өтілді.
Аталған ғылыми шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесудің нәтижелерін әлем тарихы кафедрасының профессорлары мен ғалымдары қорытындылап, өз ойлары мен тұжырымдарымен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|