қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
06.04.2021

ЖОО жазба жұмыстарының жазылу ерекшеліктері


2021 жылы 5 сәуірде «Ғылым онкүндігі» аясында Тарих және құқық институтының магистранттары мен докторанттарына «Болашақ» бағдарламасының түлегі, білім беру саласындағы менеджмент магистрі Еділбай Оспан Zoom платформасында «ЖОО жазба жұмыстарының жазылу ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.


Семинар барысында университеттегі жазу ерекшеліктері, академиялық мәтін түрлері туралы тақырып ұсынылып, талданды. Ол сондай-ақ дұрыс және қате жазылған мәтіндерді қарастырып, авторлардың идеяларды ұсынудағы қателіктері мен артықшылықтарына назар аударды.


Сондай-ақ, мәтіннің соңғы бөлігіндегі негізгі тіркестерді негізгі бөлімдегі абзацтармен байланыстырып түсіндірді. Ол жұмысты сенімді сілтеме және презентация түрінде қалай ұсынуға болатындығына назар аударды. Дәрістер қызықты әрі тартымды өтті, докторанттар сұрақтар қойды, Еділбай Оспан тарихшыларға кітаптың электронды нұсқасын Людмила Жорданованың аудармасымен және 100 кітап бағдарламасында тарихшыларға үлкен көмек болатын аударылған кітаптарды ұсынды.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу