Институт жаңалықтары мен оқиғалары
08.04.2021
«Қазақстандағы суицид мәселелері және оның алдын алу жолдары» ғылыми вебинары
2021 жылы 8 сәуірде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары профессор Берік Аташ және Гүлнара Рахимованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Қазақстандағы суицид мәселелері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында ғылыми вебинар өтті. Ұйымдастырушылар «Ғылым декадасы - 2021» іс-шарасына қатысушыларға алғыс білдіре келе тақырып аясында көптеген маңызды мәселелерді көтерді.
Іс-шара барысындағы Гүлнара Рахимова тақырыпта қарастырылып отырған суицид мәселесінің қоғамдық-әлеуметтік феномен ретіндегі философиялық қырларын ерекше атап өтті. 2 курс «6В03103 - Социология» мамандығының студенті Токушева Дария «Әскери қызметкерлер арасындағы суицид мәселесі» тақырыбындағы баяндамасымен көзге түсті. Профессор Берік Аташ қазіргі Қазақстандағы суицид жағдайларының жиілеуі фактілеріне тоқтала келе оның негізгі себептеріне тоқталып тыңдармандардың қызығушылығын арттыра түсті. Вебинар соңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен арнайы шақырылған психолог маман Ділда Сақтағанова суицидке ұрынатын адамның психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала келе студенттердің мәселе бойынша туындаған сұрақтарына жауаптар берді. Ғылыми вебинарға оқытушылар мен студенттер аса қызығушылықпен қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|