қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
21.10.2021

Студенттермен музейге саяхат ұйымдастырылды

 

2021 жылғы 19 қазанда «Рухани жаңғыру» орталығы және Тарих және құқық институтының бастамасымен, институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Манапбаев, «Құқықтану» кафедрасының тәрбие жетекшілері Ж.Н.Исабаева, Г.Н.Рахимова және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Б.М.Утеулиеваның ұйымдастыруымен институт студенттері мұражайға арнайы саяхат жасады.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында айтқандай: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек». Ұлттық руханияттың сақталуы мен өркендеуінде Қазақстанның көпғасырлық тарихы мен мәдениетінің артефактілері жинақталған мұражайлар жұмысының маңызы ерекше.

 

Студенттер мұражайға барған кезде Алматы қаласының ежелгі тарихынан бастап қазіргі заманғы мәдениет пен өнерге дейінгі 40-тан аса экспонаттармен танысты.

 

   

 

   




Кері оралу