Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.10.2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - еліміздің әрбір азаматының парызы!
2021 жылдың 27 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу» тақырыбында Университеттің Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Нұрғисаев Серікбай кездесу өткізді. Кездесуде институт директоры Джунусов Ә.М., кафедра меңгерушісі Симтиков Ж.Қ., кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистрант, докторанттары қатысты. Серікбай Нұрғисаев өзінің баяндамасында өмірден алынған оқиғаларды мысалға ала отырып, өте маңызды ақпараттарды жеткізді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстырды. Кездесу офлайн режимінде өтті, сонымен қатар қосымша онлайн-трансляция жүргізілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|