Институт жаңалықтары мен оқиғалары
10.11.2021
Жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу!
2021 жылдың 9 қарашасында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Сарыбаева Айгерім мен Батырханова Әселдің ұйымдастыруымен 14 қараша Әлеуметтанушылар күніне орай 2 курс «Әлеуметтану» мамандығымен қоғамдағы әлеуметтік мәселе: «Жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталасқа саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Симтиков Жомарт, Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапбаев Нұрболат және кафедраның магистр оқытушысы Карибаев Олжас қатысып, әлеуметтанушыларға өз пікірлерін айтты. Пікірталаста болашақ әлеуметтанушылар жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың өршігендігі және де оның қоғамға тигізетін әсері туралы тартысты ой-пікірлерін жеткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|