қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
08.12.2021

ISO 37001:2016 стандарты - халықаралық жаңа стандарт

 

2021 жылдың 07 желтоқсанында Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттау тәжірибесі. Іс шаралар практикасы» семинарына қатысты.

 

Семинар алғы сөзін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Н.Билялов ашты.  ISO 37001:2016 стандарты халықаралық жаңа стандарт екендігін атай келе, жұмыс барысындағы адалдықты сақтау маңыздылығына ерекше тоқталды. «Саналы ұрпақ», «Академиялық адалдық» жобалары да іске қосылғандығын атап өтті. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ.Симтиков сыбайлас жетқорлыққа қарсы іс-шаралардың белсенді атқарылып отырғандығын зерттеу жобасында ерекше атап өтті. Жұмыстың нәтижелерін тек уақыт салыстырымы арқылы аңғаратынымызды атап көрсетті. Семинар өте ауқымды форматта өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен айналысатын әртүрлі құзырлы мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысып оз ойларымен бөлісті. Семинарға қатысушылар сұрақтар беріп, тиісті жауаптарын алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу