қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
29.04.2022

Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранда елдің-ұрпағы қайсар» тәрбие сағаты


2022 жылдың 27 сәуір күні Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Құралай Тұрлыханқызы сот-прокурорлық білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранда елдің-ұрпағы қайсар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.


Іс-шараның мақсаты - ұлы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, бейбіт уақытта табандылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүрген елімізді қорғаушылардың ерлігі мен қаһармандығының символы болып табылатын патриотизмге тәрбиелеу.


Ашық тәрбие сағатында патриоттық әндер орындалып, студенттер өздері дайындаған мәліметтерімен бөлісті. Аталған іс-шараға Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапбаев Н.Б., «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Көшпенбетов Б.М., кафедра оқытушылары Калкаева Н.Б., Байсымақова Д.С., Бопабаев Е.Ч., Молдахметова Ж.Е., Белхожаева Д.Ж., Рахимова Г.Н. қатысты. Олар студенттерге зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс тілеп өз құттықтауларын жеткізді.

 

  alt=  




Кері оралу