Институт жаңалықтары мен оқиғалары
08.04.2017
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
Үстіміздегі жылдың 28 сәуірде сағ.10.00, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Әлемдік тарих ғылымының дамуы: тарих тағылымдары мен альтернативалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференция аясында Түркия, Ресей, Моңғолия, Әзірбайжан елдерінің, еліміздің ғылыми ордалары мен ЖОО.-ң ғалымдары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері зерттеу жұмыстарының баяндамалары қорғалынып, ғылыми-тарихи тұрғыдан талқыланып, қоғамдық аспектілері сараланады. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: І-секция. Әлем тарихының өзекті мәселелері: тарихы және қазіргі кезеңдегі дамуы. ІІ-секция. Ғаламдану контекстінде Қазақстан: әлеуметтік -саяси, экономикалық, көзқарастық және мәдени аспектілері ІІІ-секция. Жоғарғы және орта мектепегі тарихты оқытудың технологиясы және инновациялық тәсілдер ІV-секция. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі: тарихи ретроспективасы және даму бағыттары Конференция үш тілде жүргізіледі. Баяндамалар талаптарға сай ғылыми жинақ кітабына жинақталады. Осыған байланысты, аталған конференцияның құрметті қонағы болуға, арнайы танымдық-практикалық баяндамамен сөз сөйлеп қатысуыңызға мүмкіндік болады. Конференцияға қатысу үшін ақпаратты немесе баяндама мәтінін 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне жолданылады. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Сот.87783728532 mereke_55@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|