қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
01.11.2022

Студенттер мұражайға барды

 

2022 жылдың 31 қазан күні Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы Мадияр Қасымов мәдениеттану пәнінің практакалық бөлімі негізінде Орталық мемлекеттік мұражайға 2 курс «6В020400-Мәдениеттану» мамандығының студенттерімен барып қайтты. Аға оқытушы Мадияр Қасымов Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық қалалардан табылған жәдігерлермен студенттерді таныстырып, орта ғасырлық қалаларды мекендеген түрік халықтарының мәдениет деңгейінің жоғары болғандығына тоқталды. Сонымен қатар, елімізді мекен ететін диаспора өкілдерінің материалдық мәдениетімен де таныстырды.

 

  alt=  




Кері оралу