қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.02.2023

Алғыс айту күніне арналған акция

 

2023 жылғы 27 ақпанда Абай университеті Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары 1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарымен кездесу өткізді.


Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушылар ән айтып, би билеп, осы орталықта тұратын қарттардың көңілін көтерді. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырғаны және белсенді қатысқаны үшін кафедра меңгерушісі Ж. К. Симтиков, оқытушылар М.Е.Тасыбекова, Ж. К. Мадалиева, Ұ.Қ. Арипжанова, Ә.Қ. Батырханова, А.Б. Сахариянов, сондай-ақ магистрант Б.Н. Тулемисов әлеуметтік мекеме директорының Алғыс хатымен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу