қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
10.04.2023

1920-1930 жылдардағы Алаш ісі туралы семинар


2023 жылғы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты Ғылым онкүндігі аясында «Айтылған тарих» ғылыми зертханасымен бірлесіп «Алаш ісі. 1920-1930ж.ж. ОГПУ-НКВД жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары» тақырыбында теориялық және методологиялық семинар өткізді. Семинарда университеттің зерттеуші-профессоры, алаштанушы, ҚР ҰҒА академигі М.Қойгелдиев 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен арнайы құрылған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» комиссияның мүшесі ретінде және «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ-НКВД жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары» ғылыми жоба (2021-2023ж.ж.) негізінде орындаған жұмыс нәтижелерімен, жаңа ғылыми тұжырымдарымен бөлісті.

 

Теориялық семинарға ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры С.Шілдебай, директордың орынбасары М.Жылысбаева, профессор Г.Кокебаева, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Семинар соңында «Алаш ісі. 1920-1930ж.ж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары»/«Алашское дело 1920-1930г.г. Документы и материалы следственного дела, сфабрикованного ОГПУ». Том 1 / Сост.: М.Койгелдиев (отв. ред.), З.Мырзатаева, Р.Мирзакулова. Том I. - Алматы: ТОО «Изд. LEM», 2022. - 984 с. кітабының таныстырылымы өткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу