Институт жаңалықтары мен оқиғалары
31.10.2023
Алматы қаласы полиция Департаменті басшылығымен өткен кездесу
2023 жылдың 27 қазанында Абай университеті Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасы мен cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің бірлесіп ұйымдастыруымен Алматы қаласы полиция Департаменті басшылығы және өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуді Абай университетінің ғылыми зерттеу және инновация жөніндегі проректоры Бурибаев Ермек ашып, келген қонақтармен таныстырды.
Полиция Департаменті бастығының орынбасары Мырзабеков Олжас сөз алып, өз баяндамасында ішкі істер органдарындағы кадр саясатының алға қойған мақсаттарымен таныстырып, Алматы қаласындағы жол полициясының қызметі мен есірткіге қарсы қылмыстардың алдын-алу мәселелерін талқыға салды. Болашақ заңгерлердің қызметтегі жоғары жауаптылығын алға қойып, азаматтардың қоғамдағы азаматтық позициясын арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек ету керектігін айтып, полиция қызметкерлері талапкерлеріне қойылатын талаптар мен әлеуметтік артықшылықтарын атап өтті.
Кездесу белсенді әңгімелесу және естелік сыйлықтар алмасумен аяқталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|