қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
27.02.2024

Мансап құру лайфхактары

 

2024 жылдың 27 ақпанында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы HR сарапшысы, HR-менеджмент мектебінің директоры Жұлдыз Ыбытаевамен «Мансап құру лайфхактары» тақырыбына кездесу ұйымдастырды.

 

Іс-шара барысында болашақ түлектер мен студенттер түйіндеме жазуға, тәжірибесі болмаған жағдайда оны жазу ерекшеліктеріне, сұхбатқа тиімді дайындық, сонымен қатар әңгімелесу қорқынышын жеңу әдістеріне қатысты маңызды сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.

 

Студенттер сарапшы берген практикалық кеңестер мен ұсыныстардың арқасында білімдерін толықтырып қана қоймай, құнды практикалық тәжірибе алды. Іс-шара барысында қатысушылар мансап құру принциптерін терең түсінумен қатар, алған білімдерін іс жүзінде қолдануды игере алды. Сонымен қатар, қатысушылар кәсіби маманмен тікелей кеңес алу, бұл іс-шараға практикалық мән берді.

 

Іс-шара студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың болашақ мамандығына қатысты көкейтесті сұрақтарына нақты әрі пайдалы жауаптар алуға көмектесті.

 

Шараның ұйымдастырушысы Жазира Қуанышбаева, PhD докторы, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

 

  alt=  

 




Кері оралу