Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.02.2024
Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалды музейіне экскурсия
2024 жылдың 28 ақпанында Тарих және құқық институтының 1 курс «6В01602-Тарих-дінтану» мамандығының студенттері институт директорынның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов пен аға оқытушы Арайлым Кенжебекованың ұйымдастыруымен Алматы қаласының тарихи орталығында орналасқан Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалды музейіне экскурсия жасап қайтты. Музей Алматы қаласы Қарасай батыр көшесі 61/67, 78 пәтерде орналасқан.
Музей-пәтерде Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлері - академик, Қазақ КСР Халық әртісі, композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың, КСРО Халық әртісі, композитор, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың, Халық Қаһарманы, КСРО Халық әртісі, режиссер, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың экспозициялары қойылған.
Музей мұрағаты белгілі мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне және аудио материалдар, қолжазбалар, ноталар, кітаптар, фотосуреттер, жеке заттары сияқты бірегей экспонаттардан құралған.
Студенттер тарихи тұлғалардың өмір жолымен және шығармаларымен танысып, көптеген ақпараттар алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|