қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.03.2024

Мектептегі Қ.Сәтбаевқа арналған ашық сабақ

 

№2 жалпы білім беретін мектепте Тарих және құқық институтының «6В01601-Тарих» мамандығының 3-ші курс студенті Мұқағали Мағжан «Қаныш Сәтбаев-жан-жақты ғалым» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты - Қ.И.Сәтбаевтың Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының дамуындағы рөліне баға беру, қазақтың көрнекті геологының феномені неде екенін анықтау.

 

Оқушылар ХХғ. 20-30 жж. сауаттандыруға үлес қосқан қазақ ғалымдары тақырыбы туралы қосымша мәліметтерді жазды. Жаңа тақырыпты ашуда «Сanva» платформасымен слайд көрсетіліп, «Қаныш Сәтбаев туралы қызықты фактілер» бөлімінде бейнероликпен тұлғаның қазақ тарихындағы орны, өмірбаяны, ғылым, өнеркәсіп пен мәдениеттегі сіңірген еңбектері талданды. Сабақ арасында формативті бағалау жүргізілді: фишка беру; топтық жұмыс: «Жұмбақ жәшік», «wordwall» платформасы арқылы 2 топ берілген парақтарға сызбамен сызып, «Кім алғыр?» бөлімінде 5 сұрақ дайындап, бір-біріне сұрақ қойды. «Білімді стикер» әдісі арқылы оқушылар кері байланысқа түсті. Сабақ мақсатына жетіп, өз деңгейінде өтті. Оқушылар толығымен сабаққа қатыса алды.

 

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу