Институт жаңалықтары мен оқиғалары
15.04.2024
Түркия ғалымдарының Алтын Орда мемлекеті тарихының зерттелуі туралы көзқарастары
2024 жылдың 10 сәуірінде «Ғылым декадасы - 2024» аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтында қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркия ғалымдарының Алтын орда мемлекеті тарихының зерттелуі туралы көзқарастары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Тарих ғылымдарының докторы Абдуллах Гюндогды Жошы Ұлысы тарихы және тарихнамасы туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, ортағасыр түркі тарихына тоқталып, XX-ші ғасырдағы тарих зерттеулерімен сабақтастырды. Абдуллах Гюндогды сонымен қатар Шыңғыс ханның орталық Азиядағы жорықтары мен ұлыстарының мемлекет ретінде қалыптасуы жайлы айтып, Түркістан жеріндегі байырғы түркі халықтарының тағдырын терең баяндап берді. Ал, PhD доктор Четин Каяның Жетісу өңірінен Мауереннахр аймағына дейін созылып жатқан Шағатай хандығының Түркістан тарихындағы орны мен мәні атты баяндамасы ұсынылды.
Четин Кая Шыңғыс хан империясынан бастап, оның екінші баласы Шағатайдың қызметі және билігі жайлы құнды ақпараттар берді. Түркияда бұл тақырыптардың қаншалықты зерттелуде екендігі және архив құжаттарының аудармасы жылдам жарыққа шығып жатқандығы жайлы атап өтті. Шағатай мемлекетінің құрылуы көрші елдермен байланысып отырды. Хорезмшах, Темір мемлекеті, Таяу шығыстағы Ильхандар және Алтын Орда сияқты ірі мемлекеттермен тең өмір сүрді. Әкімшілік басқару жүйесі Шыңғысхан заңдарымен жүргізілді. Сондай-ақ, бұл өңірде ірі мемлекет - Моғолстан жалғасын тапты. Қорыта келгенде, Моңғол шапқыншылығы және Шағатай хандығы, Түркістан географиясының әкімшілік, саяси, мәдени, демографиялық және экономикалық тағдырына терең әсер етті. Бұл кезеңде жергілікті түркі әулеттерінен гөрі жаулап алушы әулеттердің билігінде болған Түркістан территориясы ең маңызды факторы болды. Шағатай хандығының ғұмыры жүз елу жылдық кезеңді қамтыса да, бұл мемлекеттің Түркістан тарихына ықпалы ол ыдырағаннан кейін де ғасырлар бойы жалғасты.
Дөңгелек үстелге студенттермен бірге Институт оқытушылары да қатысты. Қатысушылар шетелдік ғалымдарға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|