қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
18.01.2018


3 және 4 курс «5В011400-«Тарих », «5В011500-Құқық және экономика негіздері», «5В020300-Тарих», «5В013000-Тарих -Дінтану» мамандықтарының студенттеріне арналған нұсқаулық өндірістік-педагогикалық практиканың ашылу конференциясы

 

15 қаңтар 2018 жылы сағат 11-00-де Тарих және құқық институты «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің 3 және 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық өндірістік іс-тәжірибенің ашылу конференциясы өтті.

 

Конференцияны Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов ашты және бұл конференцияның маңызын мысалға ала отырып, өндірістік-педагогикалық практиканың студенттерге кәсіби білімін шыңдау мақсатында болашақ тарихшы мұғалімдерді даярлауда «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының алатын орны туралы айтып өтті. Келесі сөз кезегі кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Сәбит Шілдебайға берілді. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, Phd докторант Руслан Сейтказиев интерактивті тақтаны қолданып, студенттерге мастер-класс сабағын өткізді. Конференцияның өтілу бағдарламасы барысында психология ғылымдарының кандидаты, Кәрім Илахуновқа сөз кезегі берілді. Іс- тәжірибеден өту барысында психолог-әдіскерлердің мектеп оқытушылардың талаптары, тапсырмалары туралы ерекшеліктерін баяндады. Педагогикалық іс-тәжірибенің 3- 4 курс студенттері «5В011400-«Тарих», «5В011500-Құқық және экономика негіздері», «5В020300-Тарих », «5В013000-Тарих - Дінтану» мамандықтарының арасында болатындығы жайлы және ұйымдастырылу барысы туралы «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұрманбетқызы студенттердің мектепке бөлінгенін айтып, әдіскерлермен таныстырды. Конференцияда студенттер іс-тәжірибеге байланысты оқулықтар мен электрондық оқулықтармен танысты. Тарих және құқық институтының арнайы тапсырысымен практикант бұрышы жасалды, мұнда студент -практиканттарға іс-тәжірибеге байланысты қажетті құжаттар көрсетілген.

 

  

 

  




Кері оралу