Институт жаңалықтары мен оқиғалары
20.11.2024
Тарих және құқық факультетінің студенттеріне антитеррорлық нұсқаулықты түсіндіру іс-шарасы
2024 жылдың 19 қарашасында Тарих және құқық факультетінің студенттеріне ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы академияның арнайы қызметкерлері келіп көшбасшылық дәріс жүргізді.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Бекзат Нарбаев студенттерге «Антитеррорлық қауіпсіздік: нұсқаулықтың орындалуы» тақырыбында нұсқаулықты толыққанды түсіндіріп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жедел-іздестіру кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Қуаныш Тындыбаев «Интернет желісіндегі терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл» тақырыбында видеороликтерден үзінді көрсете отырып, террорлық әрекеттердің құрбаны болудың сақтық шараларын жан-жақты талқылай отырып, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Жанель Сайлибаева сөз алып, әріптестерге алғыс білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|