қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.03.2019

8 наурыз күніне

 

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әлем тарих» кафедрасының ер азаматтары осы көктем мерекесінде әйел әріптестерін құттықтады. Тарих және құқық институтының игі дәстүрін нығайтуда жоғары педагогикалық шеберлік танытып, оқу білім және тәрбие үдерісін жандандыруға өзіндік үлес қосқаны үшін кафедраның нәзік жандарына сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Тарих және құқық институтының директоры, профессор Болат Жұмағұлов, «Әлем тарих» кафедрасының меңгерушісі, доцент Еркін Ермұқанов және кафедраның басқа да ер азаматтары құттықтау сөздері мен шынайы тілектерін білдірді.


Көктем мерекесінің құрметіне орай университет деңгейінде Математика, физика және информатика институтында «Әйел - әлем анасы» мерекелік кеш өткізілді. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев университеттің профессор-оқытушылар құрамының әйелдер қауымын құттықтап, оларға алғыс хаттар және төс белгілерді табыс етті. Кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі және университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін «Әлем тарих» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.д. Жанат Сманкулова «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Оқытушылардан бөлек әртүрлі институттардың студенттері де марапатталды. Оқуда озат, университетіміздің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленіп, өзіндік қосқан үлесі үшін Тарих және құқық институтының, «5B020300 - тарих» мамандығының студенті Надира Досатова алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік іс-шарада Тарих және құқық институтының оқытушылары да белсенділік танытты. «Әлем тарихы» кафедрасының магистр оқытушысы Мәдияр Қасымов «Ана сен бақыттысың» деп аталатын Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтарын тарту етті.

 

Біздің өмірімізде, көктемнің алғашқы күндердің бірінде - әйелдерді осындай махаббат, сұлулық мерекесімен құттықтау дәстүрі сақталынып келе жатыр.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу