қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
20.03.2019

Олимпиада - ғылым болашағы!

 

2019 жылдың 25 ақпаны мен 19 наурызы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасын өткізді.


Олимпиада мақсаты:
- дарынды оқушыларды айқындау және қолдау;
- тарих пәнін білу деңгейі бойынша үздік оқушыларды анықтау;
- оқушылардың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға жағдай жасау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Олимпиада міндеттері:

- тарих пәні бойынша жан-жақты білім деңгейлерін анықтау;
- екі кезең қорытындысы бойынша оқушылардың білімдерін бағалау;
- тарих мамандықтарын таңдаған оқушылардың ғылыми-танымдық әлеуетін анықтау.


Олимпиаданың ашылу салтанатын университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасы төмендегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді:
1. Математика, Физика, Информатика;
2. Химия, Биология;
3. География;
4. Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі;
5. Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы.

Республикалық олимпиада екі кезең бойынша ұйымдастырылды:
Бірінші кезеңі - қашықтан білім беру технологиялары арқылы olymp.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 7 наурызы аралығында өтті.
Екінші кезеңі - 1 билетте 3 сұрақтан, жазбаша түрде ағымдағы жылдың 18-19 наурызда өтті.

8 наурызда олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы анықталып, екінші кезеңге өткен қатысушылар тізіміolymp.kaznpu.kz сайтына ілінді.

18 наурызда олимпиаданың екінші кезеңі «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында басталып, 19 наурызда аяқталды.


Екінші кезеңге «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қалаларының 9 оқушысы қатысты. Олимпиада өте тартымды, қызықты өтті.


Олимпиаданың қорытындысы бойынша әділқазылардың әділ шешімімен оқушылар арасында екінші кезеңдегі жүлделі орындар анықталып, арнаулы сертификаттар табысталды.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша:

I-орын алған: Гаухар Шоқай - Ш.Қ.О. Аягөз қаласы, № 1 мектеп оқушысы;
II-орын алған: Альфия Жаңабаева - Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылы, Айдарлы орта мектебі оқушысы;
II-орын алған: Дінмұхамед Медиахунұлы- Алматы облысы, Панфилов ауданы ауданы, Айдарлы ауылы, Айдарлы орта мектебі оқушысы;
III-орын алған: Дильназ Ақашева Ш.Қ.О. Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясы оқушысы.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша:
I-орын алған: Әсем Суюн - Алматы қ., Жетісу ауданы № 177 ЖББ;
II-орын алған: Ердаулет Оспан - Қостанай облысы, Жетіқара ауданы, № 4 орта мектеп;
III-орын алған: Каиржан Сатубалдин - Алматы облысы, Қапшағай қ.


Шараға қатысқан оқушыларға, ғылыми жетекшілеріне арнаулы сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.


Әр кезеңге бөлек-бөлек баға беріліп, нәтижесінде оқушылардың танымдық және қисындық қабілеті тексерілді.


Марапаттау рәсімінен кейін олимпиада қатысушылары мен жетекшілері 2 күнге созылған аламан жарыста өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, көңіл-күйлерін ерекше бір толқумен баяндап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Олимпиада қорытындысы бойынша - «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша қатысқан оқушылар білім деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетті. Бұл әрине қуантарлық жағдай, жастарымыздың ұлттық тарихқа деген қызығушылығы жоғары деп білеміз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу