Институт жаңалықтары мен оқиғалары
21.10.2019
ҚР Президенті архивіне - 25 жыл
2019 жылдың 17-18 қазан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің 25 жылдығына арналған «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбында II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараға шетелдік сарапшылар қатысты.
Конференцияның ашылу салтанатына Польшаның Ұлттық жады институты архиві директорының орынбасары, бас архив сақтаушысы, католик шіркеуі әлеуметтік оқуларының докторы, профессор - С.Я. Коллер, Ресей Федерациясы Свердловск облысының Қоғамдық ұйымдар құжаттамасы орталығының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша директор орынбасары - В.В. Каплюков, Қырғызстан Республикасының Үкімет жанындағы мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы Архив агенттігінің ведомостволық архивтермен жұмыс және бақылау секторының меңгерушісі - А.Н. Рысалиев, В.Пилецкий атындағы Тілектестік және батылдық институты «Шығыс архиві» ғылыми бағдарламасының меңгерушісі, тарих докторы - Е.Рогозинский, II-дүниежүзілік соғыс музейінің ғылыми қызметкері, PhD доктор - Д.Панто сияқты бірқатар шетелдік қонақтар және Қазақстанның орталық, облыстық архив мекемелерінің мамандары, ғалымдар қатысып, мұрағат мерейтойына өз құттықтауларын айтып, сыйлықтарын табыстады.
Сонымен қатар, бұл мерейтойға Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының құттықтау хатын табыстап, университет ұжымы атынан ізгі тілегін жеткізді.
Шараның салтанатты бөлімінен кейін ҚР ҰҒА академигі, профессор М.Қойгелдиев пен профессор Б.Жаппаров «Қазақстандағы мұрағат ісін ұйымдастыру: тәжірибелер, мәселелер, инновациялар» кітабының тұсау кесер рәсімін жасады.
Конференция барысы шараға қатысушы ғалым-мамандардың архив ісі және құжаттама саласының өзекті мәселелері бойынша баяндамаларымен жалғасты.
Екі күнгі созылған конференция секциялық бөлімдермен жалғасып, өз жұмысын қорытындылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|