қазақша · русский · english
   

 

Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан Республикасы), В.П. Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) арасында бірлескен бағдарламалар, ғылыми жобалар, зерттеулер, ғылыми зерттеулердің барлық кезеңдеріне халықаралық сараптамалар жүргізу мақсатында құрылды.


Зертхананың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

- қоғамды ақпараттандыру жағдайында педагогикалық және инженерлік білім беруді жаһандандыру бойынша мега-жобалар;
- педагогикалық және техникалық білім беру мекемелерінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттарын дайындаудың жаратылыстану-ғылыми бағыттарын ақпараттандыру мәселелері;
- интеллектуалды білім беру жүйелері және менталды дидактика;
- электрондық оқыту теориясы мен практикасын дамыту;
- заманауи білім беру технологиялары.


Зертхана төмендегідей қызметтер атқарады:
- педагогикалық ЖОО мен мектептер арасында тікелей байланыс орнату;
- ғылыми-практикалық конференциялар, бірлескен семинар/вебинарлар, халықаралық білім беру кластері аясында мегасабақтар ұйымдастыру және жүргізу;
- студенттер мен магистранттарға үздіксіз педагогикалық практика алаңын қамтамасыз ету мақсатында оларды мегасабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге жұмылдыру;
- зертхана шеңберінде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін баяндайтын ғылыми мақалалар жариялау.


Қазіргі таңда білім беру саласында бірлескен ынтымақтастық орнату мақсатында Қазақстан мен Ресейдің білім беру мекемелерін біріктіретін халықаралық инженерлік-техникалық кластер табысты жұмыс істеуде. Аталған кластердің қатысушылары: Абай атындағы ҚазҰПУ, В.П. Астафьев атындағы КМПУ, Тұран мектеп-лицейі (Алматы қ.), №9 гимназия, №28 лицей (Красноярск қ.), №1 лицей, №3 мектеп (Ачинск қ.). Осы аталған білім беру мекемелерінің қатысуымен информатиканың көп қызығушылық тудыратын тақырыптары бойынша айына бір рет халықаралық мегасабақтар өткізіліп тұрады.

 

Әлемнің көптеген мемлекеттерінің белгілі ғалымдарымен өзара ынтымақтастық жүзеге асырылуда: Ресей: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті; Оңтүстік Корея: Keimyung Университеті; Украина: Биоресурстар және табиғатты пайдалану ұлттық университеті; Түркия: Erzincan Binali Yildirim университеті және т.б.


Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде В.П. Астафьев атындағы КМПУ және басқа да шетелдік университеттер аясында ғылыми-зерттеу семинар/вебинарлар өткізіледі.

 

2019 жылы В.П. Астафьев атындағы КМПУ-мен (Ресей, Красноярск) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде дайындық бағыты 44.04.01 Педагогикалық білім беру, білім беру бағдарламасының бағыты (профилі) «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форманы қолдана отырып) қосдипломдық магистрлік бағдарлама әзірленді.

 

Байланыс деректері: Ревшенова М.И., Төле би көшесі, 86, 302 кабинет, тел.
+7 (727) 272-30-73

 

2018 жылына арналған лабораторияның есебі