қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2020

Кафедрамыз Республикалық «Уйғуравази»газетінің назарында.


1957 жылдан бері үзіліссіз жарияланып келе жатқан «Уйғур авази» газеті өзінің тұрақты оқырманы мен жанашырларын тапқан, еліміздің көпұлтты әдебиеті мен тіліне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан байырғы басылымдардың бірі. Газет Қазақстан мен Орта Азия елдерінде жарияланып жүрген санаулы да беделді басылымдардың бірі. Университетімізде оқытылып жатқан «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» мамандығы кезіндегі «Ұйғыр тілі мен әдебиетінің» жалғасы екендігін ескерсек, мақалада қозғалған тақырыптардың зәру екендігін көре аламыз.

 

Абай ат. ҚазҰПУ кеңестік Қазақстан дәуірінде Орта Азия аумағындағы ұйғыр тілі мен әдебиеті мамандарын академиялық деңгейде дайындаған санаулы ЖОО болғандығын да айта кеткеніміз жөн. Мақалада ұйғыр тілімен қоса шығыс тілдерін жетік меңгерген мамандардың өсіп-жетілуін үнемі назарда ұстап жүрген ректор Т.О.Балықбаевтың ұстанымы мен университеттің даму стратегиясы сөз болады. Мақалада ұйғыр тілін оқытудың қазіргі жағдайы мен біліктілігі жоғары маман дайындаудың өзекті мәселелері туралы ақпар беріледі.

 




Кері оралу