қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2020

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

 

2020 жылдың 19 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитутының Шығыс филологиясы және аударма кафедрасына Ауған соғысының ардагері, сыйлы азамат, жастарымызға үлгі, кішіге қамқор - Махсатжан Қахаров мырза және Бесағаш ауылының № 29 мектебінің ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Талат Балинов келді.


Сыйлы қонақтарымызды кафедрамыздың «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» мамандығының білім алушы студенттері мен оқытушы-профессор құрамы қарсы алды. Кафедрамыздың аға оқытушысы Шариям Баротованың алғы сөзінен кейін студенттеріміз патриоттық тақырыптағы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде тақпақ айтып, ән шырқап би биледі. Соңынан ардагер ағамыз сарбаздардың өмірі жайлы патриоттық мазмұнда әңгіме өрбітіп, студент қауыммен сұхбаттасты. Студенттерді қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Өнегелі әңгімеге жастар үлкен қызығушылық танытты. Кездесу соңында ардагер және демеуші ағамыз ала келген материалдық көмегін ұсынып, оқуда озат студенттерімізді қуантып тастады. Кафедрамыздың қонағы келелі әңгіме мен салмақты кездесуді ұйымдастырған оқытушыларымызға алғысын айтып, мұндай кездесудің қазіргі уақытта аса пайдалы екендігін сөз етті. Кафедра меңгерушісі Ергали Есбосынов ауған соғысының ардагері Мақсатжан Кахаровқа алғыс білдіріп, студент қауыммен кездескені және демеушілік танытқаны үшін алғыс айтты. Мұндай кездесудің пайдасы мен берері мол екендігін білдіріп, осы бағыттағы іс-шаралардың одан әрі жалғасатындығын атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу