қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2020

«Қазақстан - достық пен ынтымақтастық мекені» халықаралық вебинары

 

2020 жылы 30 сәуірде Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының түрік тілі пәні оқытушылары Сәтбай Гүлназ, Осман Қабадайы және Нұржамал Қоспағанбетованың бастамасымен 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай халықаралық вебинар ұйымдастырылды.

 

Мерекелік іс-шараға «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-ші курс студенттері атсалысты. Абдусаттарова Углай, Каримова Диана - өзбек, Диана мен Риана Алиевалар - месхет түріктері, Мадина Хүсейіноғлы - күрд, Саяра Тұрсынова - ұйғыр, Абуова Аружан - қазақ, Жұлдыз Искендирова - өзбекстандық қазақ құрамында ана тілдерімен қатар қазақ, орыс, түрік тілдерінде ән шырқады, мәнерлеп тақпақ оқыды. Вебинарға Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанагүл Саметова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов пен С.Демирель Университетінің доценті Жанагүл Тұрымбетова, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Шығыстану факультеті доценті Назым Шүйіншина, Стамбұл Университеті қазіргі түркі тілдері кафедрасының меңгерушісі Мехмет Өлмез (https://profil.istanbul.edu.tr/tr/p/mehmetolmez), осы кафедраның доценті, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің аға оқытушысы Ораз Сапашев (https://cagdasturklehceleri-edebiyat.istanbul.edu.tr/tr/content/akademik- kadro/yabanci-uzmanlar) қатысты. Вебинарды аға оқытушы Гүлназ Сәтбай жүргізіп, кафедра ұжымы атынан профессор Айгүл Жумабекова сөз сөйлеп, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы мен ролін атап өтті, мейрам күніне орай шынайы тілектерін білдірді.

 

Кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосынов халықаралық вебинарды қорытындылап, мұндай тәрбиелік мәні зор және патриотизмге үндейтін басқосулардың өзекті де зәру істер қатарында екендігін атап өтті. Шет елден қатысушы стамбұлдық әріптестерге алғыс білдіріп, вебинарды ұйымдастырушы оқытушыларымыз бен белсенділік танытқан студенттерімізге табыс тілеп, алғыс айтты.

 

   

 

 




Кері оралу