Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
27.10.2020
«Өзіңе деген махаббат, өмірге деген махаббат» психологиялық тренинг есебі
2020 жылдың 26 қазан күні Шығыс филологиясы және аударма кафедрасыныңт магистр, аға оқытушы Алмабекова Асель Муратхановна 1 курс «Шет тілі: екі шет тілі» ағылшын-қытай бөлімі студенттерімен бірге «Өзіңе деген махаббат, өмірге деген махаббат» атты психологиялық ойлайн-тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты білім алушыларға өзіне деген махаббаттың жалпы құндылықтары арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өз бетінше ізденіп, түйін жасауға және сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамыта отырып, шығармашылық тұлға ретінде дамуына ықпал ету болды.
Тренинг барысында студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу жайы қарастырылды.
Тренинг уақытында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, тыныштық сәті, эпиграфпен жұмыс, әңгімелесу, талқылау жаттығулары, ойын сияқты әдіс-тәсілдер қолдынылды.
Іс-шараға Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Қасенов Ерлан Сләмбекұлы, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор Абдрахманова К.Х., профессор-оқытушылары қатысты. 1 курс студенттері іс-шарада ерекше белсенділікпен өз ойларын ортаға салды және өнерлерін көрсетті. Алимбеков Бауыржан гитарда ойнаса, Өкен Сабина Мұқағали Макатаевтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқыды. Серик Томирис «История моего развития в рисовании», Коныспаева Аяжан «Танцы-это жизнь» тақырыптарында презентацияларын көрсетті. Ақылбек Ділмар «Қарлығаш» әнін, ал Асқар Әдемі «Туған жер» әнін орындады. Тренинг студенттер үшін де, оқытушылыр үшін де қызықты өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|