қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті еліміздің үздік болашақ аудармашыларының үштігіне кірді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық ұедагогикалық университеті Филология және көп тілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасындағы «6В02302- аударма ісі» мамандығының 1 курс студенті Цой Данил - Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада нәтижесі бойынша студентіміз үздік үштікке еніп, еліміздің отыз университетінің студенттері арасындағы жас сарапшылар байқауының жеңімпазы атанды. Іс-шара 2020 жылдың 30 қазанында Еуразия ұлттық университетінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушылар үшін өткізілді.

 

 

 




Кері оралу