қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2021

«Достығы жарасқан тәуелсіз елім бар!» эссе байқауы

 

2021 жылдың 10-11-желтоқсан күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйыдастыруы және Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығы жанындағы Білім кеңесі,  Ұйғыр әдебиеті, мәдениеті орталығының (ULCC) материалдық жағынан қолдауымен ұйғыр тілінде білім берілетін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында республикалық деңгейде «Достығы жарасқан тәуелсіз елім бар!» тақырыбында эссе байқауы онлайн (қашықтықтан) өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

 

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз Отанын, туған жерін, қастерлеуге үйрету, шығармашыл, креативті, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар оқушыларды анықтау.

 

 «Достығы жарасқан тәуелсіз елім бар!» тақырыбында эссе байқауында  Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, эссе байқауының төрайымы Абдрахманова Г.Х. оқушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Әділ қазылар құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Р.У. Арзиев, аталмыш кафедраның аға оқытушылар Х.В.Масимова және Ш.Б. Баратовалар болып,  оқушыларды  әділеттікпен бағалауға ат салысты.

 

Байқауға барлығы 68 оқушы қатысты, олардың көпшілігі кең ой-өрісін және ерекше ойлау қабілетін көрсетті, жоғары белсенділік танытып, олар конкурстың барлық сынақтарынан өтті.

 

   




Кері оралу