қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Алматы жоғары оқу орындары арасындағы байқауда 2-ші орын алды

 

2021 жылдың қараша айында Шығыстану факультетінде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ шығыс тілдерін аудару кафедрасында және Конфуций институтында Алматы жоғары оқу орындарында қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында Абайдың Қара сөздері мен басқа да шығармаларын қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу байқауының шешуші кезеңі өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және ҚазХҚжӘТУ-нің 80-жылдығына арналған байқау екі кезеңнен тұрды, онда ең жоғары баға алған студенттер өз шеберліктерін көрсетті. Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰПҚУ және Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің студенттері қатысты.

 

«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Аманкелді Арна біздің университетіміздің Филология және көптілді білім беру институтының Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Алмабекова Әселдің жетекшілігімен екінші орынды иеленді. 2021 жылдың 13 желтоқсанында байқаудың ең белсенді қатысушылары мен олардың жетекшілері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Конфуций институты ректорының атынан алғыс хаттармен және грамоталармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу