қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

ҚР Ұлттық кітапханасына магистранттардың баруы

 

2022 жылдың 16 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аудармасы кафедрасының аға оқытушысы Ерғали Есбосынов пен 1 ​​курс магистранттары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында болды. Түрік тілін оқып жатқан магистранттар кітапхананың ирандық кітап бұрышында ұйымдастырылған кітап сыйға тарту рәсіміне қатысты. Шараға Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы доктор Мухсин Фагани қатысып, кітапхана басшылығы мен оқырмандарды жылы лебізімен қарсы алды. Салтанатты іс-шарадан кейін Ерғали Есбосынов Иранның Бас консулымен кездесті. Кездесу барысында шығыс филологиясы және аударма кафедрасында шығыс тілдерін, оның ішінде парсы тілін оқыту жөнінде пікір алмасты.

 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Сәлима Тұяқовамен кездесті. Ол кітапхананың құрылымы, кітап қоры, жастарды кітап оқуға баулу, қағаз және электронды каталогтармен жұмыс істей білу, диссертациялардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару және ғылыми еңбектерді плагиатқа қарсы тексеру мәселелеріне тоқталды. «7М01703-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс магистранттары Нұрмахамбетова Асем, Жәңгірбай Диана және Сахова Элиза студенттер мен магистранттарды толғандырған сұрақтарға тоқталып, жан-жақты жауап алғандары үшін ризашылықтарын білдірді. Одан кейін кітапхананың оқу залдары мен тақырыптық каталогтарына қысқаша шолу жасалды.


Шетелдік дипломатпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарымен тілдесу кафедраның қоғамдық жұмысы ұдайы пайдалы іс-шаралармен, маңызды кездесулермен толығып отыратынын тағы да көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу