қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2022

«Қазақстан-Беларуссия әдеби альманах» дөңгелек үстелі


2022 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қазақстан-Беларуссия әдеби-гуманитарлық байланыстары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізіп, «Қазақстан-Беларуссия әдеби альманах» жинағының тұсаукесерін өткізді.

 

Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мен Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы да ұйымдастырды. Қауымдастық төрағасы Везир Мирзоев Күрд мәдени орталығы туралы айтты.

 

Жиында ҚХА мен Ұлттық кітапхананың шақыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Күлсін Абдрахманова құттықтау сөзін сөйледі. Кафедраның негізін қалаушы - белгілі қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Княз Ибрагимұлы Мирзоев және оның ғылыми еңбектері, оның ішінде ғылыми жобалар аясында жүргізілген ұжымдық монографиялары туралы баяндама жасап, кітапханаға бірнеше кітаптарды сыйға тартты. Олар Қ.Мирзоев, А.Жұмабекова, А.Тохметов және Қ.Абдрахманованың авторлығымен «Переведоведение в Казахсиане и странах зарубежнего востока»ұжымдық монографиялары; «Духовные ценности как основа фундамента культуры народов» - К.Мирзоев, С.Ананьева, А.Карлюкевич, К.Абдрахманова; Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына ағылшын тілінде жарық көрген «Историко-культурные связи Казахстана со странами зарубежнего Востока в контексте языковой компоративистики»,Knyaz Mirzoev. The Kurds. History And Modernity.Almaty-2020. К.Х.Абдрахманова толығырақ таныстырып, Ұлттық Кітапхана қорына табыс етті.

 

Іс-шара мазмұнды болды және барлық қатысушылардың ынта-ықыласы мен алғысын тудырды.

 

   




Кері оралу