қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2022

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдебиет пәнін оқытудың ерекшеліктері

 

2022 жылдың 31 мамырында Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы оқу-тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Н.Н.Конкабаева және әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдебиет пәнін оқытудың ерекшеліктері» әдістемелік вебинар өткізді. Баяндамашы - доцент Р.У.Арзиев. Институт оқытушылары мен Алматы қаласындағы мектептердің мұғалімдері де белсене қатысты.


Семинарда спикер тарапынан алдымен Әдебиет пәнінің бағдарламасы мен оқулығы жайында айтып, әр сынып бойынша оқытылатын әдебиеттегі тақырыптарға тоқталды. Кейін Р. Арзиев негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің «Қазақ әдебиеті» пәндеріне жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларының құрылымына, мазмұнына тоқталды. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты мен мақсаты сипатталып, пәндік білімнің мазмұны Блум таксономиясына негізделген бөлімдеріне жеке-жеке қазақ және орыс тілді мектеп бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалынды.

 

  alt=  




Кері оралу