қазақша · русский · english
 
 
 
17.10.2022

«6D020700 - Аударма ісі» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғау


2022 жылдың 15 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6D020700 - Аударма ісі» мамандығы бойынша Жанара Саветовна Сарманованың «Ауызша аударманы цифрландыру: аудармашының кәсіби іс-әрекетінің синергиясы және автоматтандыру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалды.


Осы докторлық диссертацияны талқылауға филология ғылымдарының докторы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры А.Қ.Жұмабекова диссертациялық кеңес мүшесі ретінде қатысты (ағымдағы жылдың мамыр айында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасының кеңейтілген отырысында талқылау барысында ресми рецензент болып тағайындалған болатын).


Қорғау сәтті өтті, Қазақстанның аударма ғылымы өз қатарына тағы бір жас ғалымды қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу