қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2022

Аударма бөлімінің студенттеріне арналған ағылшын тілінде мәскеулік оқытушының онлайн дәрістер


2022 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің №2 шет тілдері кафедрасының оқытушы-зерттеуші Григорян Армин Эдуардовна аударма бөлімінің студенттеріне ағылшын тілінде онлайн-дәрістер оқыды.


«Цифрландыру дәуіріндегі тиімді жұмыспен қамту стратегиялары» (Strategies for Efficient Employment in the age of digitalization) дәрісі аясында студенттерге сұхбатқа дайындық бойынша егжей-тегжейлі, қадамдық нұсқаулар ұсынылды. Ілеспе хаттың негізгі сипаттамалары және оны құрастыру жолы сипатталды. «Кәсіби» және «әмбебап» дағдыларды саралау жүргізілді. «Сұхбат стратегиялары. Халықаралық компанияда сұхбатты қалай сәтті өтуге болады» ((Interview strategies. How to successfully pass an interview in an international company) дәрісте өтініш берушінің халықаралық компанияда қалаған жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыратын кеңестер берілді. «Тіл біліміндегі жарнамалық дискурс концепциясы» (The concept of advertising discourse in linguistics) дәрісі аясында жарнамалық дискурстың табиғаты сипатталды. Өнімді немесе қызметті көпшілікке ілгерілетуге бағытталған тұтынушылық жарнамаға басты назар аударылды. Маркетинг-микстің 4Ps және 4Cs концепциялары талқыланып, маркетингтік стратегиялардың осы түрлерін тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.


Дәрістерді ұйымдастырған профессор А.Қ.Жұмабекова.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу