қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2023

«Рухани жаңғыру және түркі әлемінің өзекті мәселелері» дөңгелек үстел


2023 жылдың 6 наурызында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және түркі әлемінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелді Филология институтының директоры А.В. Таңжарықова құттықтау сөзбен ашып, қазіргі түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымда болып жатқан жағымды жаңалықтарды, ғылыми ізденістердің бағыт-бағдарларын атап көрсетті. Ал, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева баяндамашыларға сәттілік тілеп, өзекті мәселелердің орынды көтерілуіне тілектестігін білдірді.

 

Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және қонақтар қатысты. Жиында сөз алған негізгі баяндамашылар өздерінің тақырыптарын кең көлемде баяндап берді. Алғашқы баяндамашы, академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қ.С.Қалыбаева «Түркі халықтарының қазіргі жазуы» зерттеуінде елімізде өзекті болып отырған әліпби мәселесін қозғап, оған өзінің ғылыми тұжырымдары мен уәждерін келтірді.

 

Дөңгелек үстелге сондай-ақ «Тұран әлемі» түркі халықтарының мәдениеті қорының төрағасы К.Н.Махпиров «Махмұт Қашқари ізімен», А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тіл тарихы және түркология» бөлімінің ғылыми қызметкері М.А.Жақып «Қазақ-түрік мәдени байланыстары», М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Бас директорының орынбасары Т.Е.Қыдыр «Алтын Орда дәуірі әдебиеті» және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Е.З.Есбосынов «Түрік ақыны М.А.Ерсой шығармашылығы» тақырыптарында баяндама жасап, қызғылықты ақпараттармен бөлісті.

 

Жиынға қатысушылар баяндамашылардың зерттеулері бойынша сұрақтар қойып, мәселелердің шешілу жолдарымен танысты. Жиын соңында баяндамашыларға арнайы сертификаттар тапсырылып, ескерткіш суретке түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу