қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2023

Шығыс және батыс әлеміне саяхат

 

2023 жылғы 5 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс және батыс әлеміне саяхат» іс-шарасы өтті.

 

Іс-шараға «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі», «Шетел филологиясы: шығыс тілі», «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының студенттері қатысты.

Мерекелік кеш қонақтарды арнайы араб, қытай, корей, түрік, ұйғыр, ағылшын, неміс, француз елдерінің дәстүрлері мен университет оқытушыларының ғылыми еңбектерімен таныстыру мақсатында көрмеден басталды. Концерттік бағдарламаға ұласқан іс-шараны құттықтау сөздерімен Филология институты директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары А.Ә. Найманбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Конфуций институты қытай тарапынан директоры Дэн Хун, «Aisaf-Almaty» гимназиясы директорының тәрбие істер жөніндегі орынбасары Перизат Чавенова ашты.

 

Кеш қонақтары мен Шет тілдері педагогикалық колледжі, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі, «Aisaf-Almaty» гимназиясының білім алушылары университет студенттерінің өнерлерін тамашалады. Шығыс пен батыс халықтарының әсем әуендері, ырғақты билері, шырқалған әндері, викториналық сауалнама осы елдерге шынайы саяхат жасағанмен бірдей болды. Соңында «Dreamers» әні әр түрлі тілде айтылып, қонақтар мен қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Концертті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева құттықтау сөзімен қорытындылап, келген қонақтарға қолдау білдіріп келгені үшін университет ректоры атынан алғыс хат пен сыйлықтарын табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу