қазақша · русский · english
 
 
 
30.05.2023

Корей тілін меңгеруге арналған халықаралық тест

Корей тілін меңгеру сынағы - TOPIK I (1-2 деңгей) және TOPIK II (3-6 деңгей) бүкіл әлем бойынша жылына 3-4 рет өтеді. Қазақстанда бұл емтихан 2022 жылдан бастап жылына 3 рет өткізіліп келеді. 87-ТОПИК 9 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім орталығында өтті. Орындардың шектеулі болуына байланысты ең көп дегенде алғашқы 800 өтінім қабылданды (ТОПИК-1 бойынша 400 өтінім және ТОПИК-2 бойынша 400 өтінім). Тек Қазақстан азаматтары ғана емес, көршілес елдерден де (Өзбекстан, Қырғызстан) өз білімдерін сынағысы келетіндер болды. Сондықтан өтінім беру кезеңінде де бәсекелестік өте жоғары өтті. ТОПИК-1 бойынша барлығы 329, екіншісіне 418 өтініш қабылданды.

 

«Ағылшын тілін меңгерген шығыс (корей) тілі мұғалімі» мамандығының 2 курс студенттері алғаш рет сынаққа түсті. Ол үшін бірнеше ай бойы «ТОПИККЕ дайындық» атты қосымша сынып ашылып, оны волонтер мұғалім Бэ Мунки жүргізді. TOPIK сабақтарына 10 студент жазылды. Ақырында, 28 мамырда ресми сайтта нәтижелер жарияланды. Оқытушылар да, студенттердің өздері де оларды тағатсыздана күтті. Барлық студенттеріміз корей тілін білу бойынша TOPIK-I тестін сәтті тапсырып, 1 және 2 деңгейлі сертификаттарға ие болды.

 

Ескерту: Кореяға оқуға, жұмысқа, иммиграцияға кіру үшін TOPIK сертификаты қажет. Университеттерге түсу немесе тіл курстары мен басқа оқу бағдарламаларын алу үшін ең төменгі деңгей 3-4 деңгейден кем болмауы керек.

 

  alt=  




Кері оралу