қазақша · русский · english
 
 
 
26.06.2023

Абай университетінің студенті - халықаралық байқаудың жеңімпазы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Жанерке Бектемір (жетекшісі - шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры А.Қ. Жұмабекова) Аударма институты (Мәскеу) ұйымдастырған «Жас аудармашы мектебі: Ресей - Венгрия - Қазақстан» халықаралық көркем аударма байқауында 2-ші орынға иеленіп, осы мектепте жазғы білім алуға грант ұтып алды.

 

2023 жылдың 18-24 маусым аралығында байқау жеңімпаздары қатарындағы Жанерке Бектемір Мәскеу маңайындағы Переделкино жазушылар қалашығында Евгений Резниченко мен Анна Эспарсаның жетекшілігімен Аудармашылар мектебінде білім алды.


Бағдарлама бойынша іс-шаралар қарқынды өтті: дәрістер, шеберлік сабақтары, интеллектуалдық стендаптар, жазушылармен, аудармашылармен, баспагерлермен шығармашылық кездесулер (Дмитрий Петров, Павел Басинский, Илья Одегов, Максим Замшев, Тарас Вархотов, Жанат Бекетан, Оксана Якименко, Акерке Асан, Йожеф Горетит және т.б.), авторлық фильмдерді талқылау, әдеби экскурсиялар және басқа да іс-шаралар. Бұл үлкен ұмытылмас тәжірибе және әлемдік деңгейдегі аударма сарапшыларымен байланыс орнатудың тамаша мүмкіндігі болды.


Оқу Аударма институтының дипломдарын тапсырумен аяқталды.

 

  alt=  




Кері оралу