қазақша · русский · english
 
 
 
29.08.2023

Кемел Тоқаев детективтері түрік тілінде жарық көрді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ерғали Есбосынов «Өркениет әлемі» қоғамдық бірлестігінің тапсырысы және гранты негізінде Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ («Жазушы» баспасы, Алматы - 1971.)» және «Таудағы жаңғырық («Ана тілі» баспасы ЖШС. Алматы - 2010.)» повесттерін түрік тіліне аударды. Түрік тіліндегі нұсқасының салтанатты түрде табыс ету рәсімі 2023 жылғы 28 тамызда Түрксой Жазушылар Одағының Алматыдағы кеңсесінде ұйымдастырылып, «Өркениет әлемі» қоғамдық бірлестігі төрайымы Алмагүл Серікқалиева қабылдап алды.

 

Қазақ және түркі детектив жанрының танымал жазушыларының бірі Кемел Тоқаевтың шығармашылығы қазақ және түркі әдебиетіндегі жеке бір құбылыс және өзіндік қолтаңбасы бар әңгімелер топтамасынан құралады. Осындай мол рухани қазынаны тағы бір еске алып, құнды еңбектері туралы ой толғап, заманауи тұрғыда саралап жеткізу - қазіргі ізбасар мен оқырман қауымының абыройлы міндеті болмақ.

 

Осы орайда «Өркениет әлемі» қоғамдық бірлесігінің бастамасымен Түрксой халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың Алматыдағы көмекшісі Қайрат Саматұлының қолдауымен «Түркі әлемі детектив жанрының хас шеберіне - 100 жыл» тақырыбында кең көлемді халықаралық іс-шара қолға алынып отыр. Осы іс-шара аясында жазушының еңбектері тұңғыш рет түрік, азербайжан, қырғыз тілінде жарық көреді.

 

Аударма еңбектердің тұсаукесер рәсімі Астана, Алматы және Анкара қалаларында үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді деп күтілуде.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу