қазақша · русский · english
 
 
 
09.10.2023

Халықаралық аудармашылар күнінде бірінші курс студенттерімен кездесу

 

2023 жылдың 9 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Халықаралық аудармашылар күнін мерекелеу аясында аталған кафедраның профессоры А.Қ.Жұмабекованың ұйымдастыруымен жоғары курс студенттерінің аударма бөлімінің 1 курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өтті. Жоғары курс студенттері бұл кәсіби мерекенің дүние жүзінде қалай тойланатынын айтты.

 

4 курс студенті Қуанышбаева Мереке мен 3 курс студенті Бектемір Жанерке бірінші курс студенттерімен шетелдік сапарлары туралы әңгімелеп берді.

 

Қуанышбаева Мереке академиялық ұтқырлық аясында Гиресун университетінде (Түркия) өткен оқу жылының көктемгі семестрінде білімін жағастырғаны туралы әсірмен бөлісті. Студент аталмыш бағдарлама бойынша конкурстық іріктеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарға кеңінен тоқталып, осы конкурсқа дайындалу бойынша өз кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар белсенді шығармашылық студенттерге университет тарапынан берілетін мол мүмкіндіктеріне тоқталды. Ол ақылы негізде білім алып жатқанына қарамастан, әуе тасымалына қаржылай қолдау көрсеткен университет басшылығына алғысын білдірді.

 

Ал 3 курс студенті Бектемір Жанерке жазғы мектепте оқуға грант ұтып алуына орай «Жас аудармашылар мектебі: Ресей - Венгрия - Қазақстан» халықаралық көркем аударма конкурсына (жетекшісі филология ғылымдарының докторы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры А.Қ. Жұмабекова) қатысып, 2-ші орын иелену тәжірибесі жайлы мақтанышпен әңгімеледі. Үстіміздегі жылдың 18-24 маусым аралығында конкурс жеңімпаздары қатарында Бектемір Жанерке Мәскеу түбіндегі Переделкино жазушылар қалашығындағы Аудармашылар мектебінде тағылымдамадан өтті.

 

Кездесу өте қызықты өтті, бірінші курс студенттері көптеген сұрақтар қойып, осындай іс-шараларға жиі қатысуға ниет білдірді. Сондай-ақ кездесуге кафедра оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева, А.М.Себдайырова да қатысты.

 

  alt=  

 




Кері оралу