қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2023

Назарбаев Университеті өкілдері Абай университетінде

 

2023 жылдың 20 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Назарбаев Университеті Жоғары Білім Беру Мектебінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу Филология институы шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н., шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Иватов С.Қ. ұйымдастыруымен өтті. Назарбаев Университетінен НУ ЖББМ ассистент профессоры Мишель Бедекер, НУ ЖББМ Академиялық және студенттер ісі бойынша аға менеджері Ақерке Аяғанова, НУ ЖББМ Академиялық және студенттер ісі бойынша менеджері Айнагүл Нұржанова болды.

 

Іс-шара мақсаты: НУ ЖББМ және оның бағдарламалары; НУ ЖББМ бағдарламаларына түсу жолдары; НУ ЖББМ бағдарламаларына қызығушылық танытқан университет қызметкерлері мен студенттерінің сұрақтарына жауап беру.

 

Кездесуге «6В02302 - Аударма ісі», «6В01703 - Шет тілі» мамандықтарының 3, 4 курс студенттері қатысты. Іс-шара ағылшын тілінде және жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  




Кері оралу