Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
30.10.2023
Ұйғыр салт-дәстүрлері: теориясы және практикасы
2023 жылдың 30 қазанында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Палацки университетінің (Чехия) ғалымы антрополог Руне Стенберг «Ұйғыр салт-дәстүрлері: теориясы және практикасы» атты тақырыпта ашық лекция оқыды. Ғалым өзінің дәрісінде ұйғыр халқының салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктердің теориялық негіздері мен күнделікті тұрмыстағы көріністері туралы өз ойымен бөлісті.
Дәріске «Ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі», «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 1 және 3 курс студенттері және кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, араб тілінің оқытушысы К.Х.Абдрахманова, ұйғыр тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары Ш. Баратова, Х. Масимова, Р. Арзиевтер қатысты. Дәріс соңында кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева Руне Стенбергке ашық дәріс өткізгеніне рақметін айта отырып, университет атынан Алғыс хат және естелікке сыйлық тарту етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|