қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2023

Қытай халқының күз мерекесі

 

2023 жылдың 31 қазанында Абай университеті Филология институты «Шығыс және ағылшын (қытай) тілдері мұғалімі» мамандығының 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау аясында қытай халқының күз мерекесіне арналған іс-шара мен «Chinese place» студенттік клубы мүшелерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Шараны ұйымдастырушылар қытай тілі пәнінің оқытушылары Раева Арайлым, Мейрхан Сымбат және қытай тілі бөлімінің білім алушылары.

 

Іс-шараға Филология институтының директоры А.В.Танжарыкова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Абдыкалыков, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Конкабаева кеш қонақтары ретінде қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - қытай тілінде білім алушыларды ҚХР мәдениетімен таныстыру. Кеш қазақ халқының күйімен басталып, содан кейін аспан елінің әндері, ұлттық билері орындалды, қытай халхының күз мерекесіне арналған презентация көрсетілді. Сонымен қатар қытай халқының күз мерекесіне арналған түрлі викториналық сұрақтары қойылып, жауабын дұрыс тапқан студенттерге сыйлықтар табысталды.

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдануларымен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Университет студенттері арасында қытай тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарда екені айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу